Қарағандыда суағар кәріздер қалыпқа келтіріледі

18 Шілде, 2017 10:34
Облыс орталығындағы суағар кәріздері біртіндеп қалыпқа келтіріле бастайды. Бұл мақсаттарға қалалық бюджеттен 19 миллион теңге бөлінген.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі  хабарлағандай, суағарларды іздеуге және қайта қалыпқа келтіруге қанша уақыт жұмсалатыны әзірге белгісіз. Мамандардың есептеуінше екі жылдан кем емес. ТКШ бөлімінің қызметкерлері суағарлар белгіленген қалалық кадастрдың ескі картасын және 2013-2014 жылдары құралған карталарды сұратқан. 

Алдымен суағар кәріздерінің мүліктерін түгендеу өткізіліп, техникалық құжатын рәсімдеп, «Қарағанды Су» балансына беріледі. Бірінші кезекте Гоголь көшесі, Бейбітшілік гүлзарының, Бұқар Жырау және Н.Әбдіров даңғылдарының суағарлары қалыпқа келтіріледі.

Жалпы есептегенде 22 шақырым кәріздер тазартылады деп жоспарлануда.

 «Бұл карталарды теңестіре отырып, біз суағарлардың қай жерлерде орналасқанн анықтай аламыз. Сонан соң біз оларды тазартып, барлық құжаттарды рәсімдейміз», - делінген  әкімдік хабарламасында.

 

Барлық жаңалықтар