Электрондық үкімет порталында қызметтің 237 түрі көрсетіледі

18 Шілде, 2017 10:13
2017 жылғы бірінші жартыжылдықта азаматтарға 18 млн. астам қызмет көрсетілді, деп хабарлады Ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл ретте, электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген танымал қызметтердің бестігіне «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» енді. Ағымдағы жылғы бірінші жарты жылдықта осы қызмет 1 426 237 рет пайдаланылды.

Саны жағынан ең көп көрсетілген қызмет тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру қызметі - 10 млн.-нан асады, екінші және үшінші орында жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама – 2 млн. астам және Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама – 2 млн. астам, төртінші орынға – БЖЗҚ салымшысына ақпарат беру орналасты. Ал топ бестіктің соңғы орнында тұрған қылмыстық құқық бұзушылықтың болуы (болмауы) туралы анықтама 855 114 рет берілген.

Сонымен қатар, былтырғы жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы өткен төлемдер 1,4 млрд. теңгеге көбейген. Бірінші жартыжылдықта бұл көрсеткіш 7,7 млрд.теңгені құрады.

Бүгінгі күні Қазақстанның электрондық үкімет www.egov.kz  порталында 237 әр түрлі қызметтер мен сервистердің қолжетімді.

 

Барлық жаңалықтар