- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында экономика өсімі шамамен 4% құрады
Ақтөбе облысында экономика өсімі шамамен 4% құрады
Жиынды ашқан облыс әкімі мемлекет басшысының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша тапсырмасының орындалуы және 2017 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру туралы толық ақпарат берді.
«Статистика мәліметтері бойынша бірінші жарты жылдықтың ішінде облыс бойынша экономика өсімі шамамен 4 % құрады. Барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өткен жылдан жоғары және республикалық деңгейден төмен емес. Бұл, әрине, президенттің, үкіметтің қолдауымен және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың арқасында»,-деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
Айта кетейік, экономиканың белсенді өсімі Ақтөбе облысының республикадағы жылдам дамитын өңірлерлердің бестігіне кіруге мүмкіндік берді.
Есептік кезеңде өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 4,9% артты. Өнеркәсіптік кәсіпорындармен 700 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.
Ақтөбе облысы әкімдігінен хабарлағандай, өңдеу өнеркәсібі 111,4% өсті. Аталмыш көрсеткіш бойынша облыс еліміздегі өңірлер арасында екінші орынды иеленді.
Негізгі капиталға құятын инвестиция да ең үлкен көрсеткішті - 131,8% көрсетті.
Өңір экономикасына 160 млрд-тан астам теңге тартылды. Ағымдағы жылы 1700 жаңа жұмыс орындарын аша отыра жалпы құны 33 млрд теңге болатын 17 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Жалпы, өңірде 8,2 мың жаңа жұмыс орындары құрылды. Жыл соңына дейін тағы осынша құрылатын болады
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары