- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында сол жағалауды газдандыру қарқыны күшейеді
Қызылорда облысында сол жағалауды газдандыру қарқыны күшейеді
«Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауының газ таратушы желілерін салу (1 кезең – қысымы 1,2 МПа жоғары қысымды газ құбырын АГТС-1-ден 2-БГРП орнатумен қоса)» жобасының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алу үшін 2017 жылға облыстық бюджеттен 12,2 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік-сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Сонымен қатар, «Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында газ тарату желілерін салу (1 кезек-ГТП-2 орнатумен АГТС-1-ден 1,2 МПа жоғары қысымды тартылатын газқұбыры) құрылысына 2017 жылы облыстық бюджеттен 200 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстарына мемлекеттік сатып алу тәсілі арқылы конкурс жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, 2017 жылы облыстық бюджеттен Қызылорда қаласы Қызылорда-2 АГТС–нен тартылатын газ құбырынан Белкөл кентін газдандыру үшін 378,8 млн. теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, елді мекенді газдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге, Жосалы кентінде АГТС орнату, «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан бұрма-газ құбырының құрылысын жүргізу үшін 2017 жылға республикалық бюджеттен 500 млн теңге, облыстық бюджеттен 55,6 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, аталған жоба бойынша мемлекеттік сатып конкурсы өткізілуде.
Оған қоса, 2018-2020 жылдарға 12 жобаны (Жосалы, Сексеуіл, Қамыстыбас, Шоқай, Ақеспе, Ақсуат, Бесарық, Тереңөзек АГТС-терінің құрылысы мен, Жалағаш, Жосалы, Жақсықылыш, Тереңөзек елді мекендерінің квартал ішілік газ құбырларының құрылысы) республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін 11,7 млрд.теңгеге тиісті министрлікке бюджеттік өтінімдер жолданды.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Қашықтан оқытудың әлемдегі қарқыны -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды