- Басты
- Жаңалықтар
- Алматының Қалақұрылысы кеңесі 5 жобаны мақұлдады
Алматының Қалақұрылысы кеңесі 5 жобаны мақұлдады
Жалпы көлемі 145 мың шаршы метрден артық тұрғын кешені, 265 орынды мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері салынады. Жобаларды талқылау барысында жаңа нысандардың айналасын аббатандыруға, балалар алаңдары мен аулаларды көріктендіруге, төменмобильді топтардың еш кедергісіз жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін тиісті инфрақұрылымдарды жасауға айрықша назар аударылды.
Сонымен, қаланың түрлі аудандарында көппәтерлі төрт тұрғын кешендерінің құрылыстары басталады. Бостандық ауданындағы Торайғыров көшесінің солтүстігі мен Сайын көшесінің шығысында қызмет көрсету нысандары, паркингі бар 370 пәтерлі 12 қабатты тұрғын үй бой көтереді. Құрылыстың аяқталу мерзімі - 30 ай.
Жетісу ауданындағы «Kokzhiek City» жобасы мақұлданды. 1608 пәтерлі тоғыз қабатты тұрғын кешені «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынады және «Жеке құрылыс салушыларды ынталандыру» бағыты бойынша оны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен «Даму» қоры АҚ-ның қаржы агенті арқылы мердігелер несиесінің жылдық түсімінің 7% көлемінде субсидия бөлінеді. Құрылыстың аяқталу мерзімі - 24 ай.
Түрксіб ауданындағы Коминтерн/Федосеев/Жас қанат аумағында 7 және 9 қабатты жер асты паркингі, спорт алаңы бар тұрғын кешені бой көтереді. Құрылыстың толық аяқталу мерзімі - 36 ай.
Әуезов ауданындағы «Жетісу-1» ықшам ауданында 276 пәтерлі түрлі нысандары мен жер асты паркингі бар төрт секциялы «Жаңа Жетісу» тұрғын кешені салынады. Құрылыстың аяқталу мерзімі - 18 ай.
Бұлардан өзге, Бостандық ауданында екі деңгейлі жер асты паркингі бар 9 қабатты бизнес-орталық бой көтереді. Нысанның жобасы мен құрылысы BREEAM Very GOOD эко-тиімді стандарты аясында жүзеге асады. Құрылыстың аяқталу мерзімі - 18 ай.
-
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
-
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі -
Ауыт Мұқибек: Жер дауына қойылған нүкте – қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім -
Расул Жұмалы: Ұлттық сенім кеңесі 1,5 жылда реформа жасайтын күшке айналды -
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар -
Мәжілісте өндірістік секторды қолжетімді қаржыландыруды мақұлдады -
Дәрігерлер кеңесі: КВИ-ді асқындырып алмаудың жолдары