• Басты
  • БЖК-2020: Қызылордада «ШОБ-ты дамытуға арналған қаржы-несиелік қаражаттардың рөлі туралы» атты дөңгелек үстел өтті
19 Желтоқсан, 2012 00:00

БЖК-2020: Қызылордада «ШОБ-ты дамытуға арналған қаржы-несиелік қаражаттардың рөлі туралы» атты дөңгелек үстел өтті

Қызылордада «ШОБ-ты дамытуға арналған қаржы-несиелік қаражаттардың рөлі туралы» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл жөнінде «Даму» ҚФ өңірлік филиалы Кәсіпкерлікті қолдау орталығының менеджері Найля Ахметханова хабарлады.

БЖК-2020: Қызылордада «ШОБ-ты дамытуға арналған қаржы-несиелік қаражаттардың рөлі туралы» атты дөңгелек үстел өтті | Strategy2050.kz

«Дөңгелек үстелге» кәсіпкерлер, облыстық кәсіпкерлік пен өндіріс басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің өкілдері шақырылды, деді ол. – «БЖК-2020» бағдарламасын және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру есебінен бизнесті мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары талқыланды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының өнімдерін жүзеге асыру нәтижелерін «дөңгелек үстел» басында «Даму» Қоры өңірлік филиалының өкілдері мәлімдеді, - деп нақтылады Ахметханова. – Бүгінгі күні өңір бойынша жалпы сомасы 13,5 млрд теңгені құрайтын несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін жергілікті кәсіпкерлердің 111 жобасы мақұлданды. Соның ішінде 10,66 млрд теңге сомасындағы 71 жоба бойынша облыс кәсіпкерлері банк пайызы бойынша шығындарды өтеуге субсидиялар алуда және төрт жоба бойынша 65,5 млн теңгеден астам сомаға кепілдеме берілді». 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды