- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Католиктік Изабелла Орденімен марапатталды
Елбасы Католиктік Изабелла Орденімен марапатталды
Мемлекет басшысына Испания Королі VI Фелипенің атынан Католиктік Изабелла Орденін Испания Корольдігі Депутаттар конгресінің төрайымы Ана Пастор табыс етті.
«Аса мәртебелі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мырза, жоғары корольдік құрмет ретінде, Сізді Католиктік Изабелла Орденімен марапаттаймын», – делінген Корольдің жарлығында.
Қазақстан Президенті Испания Королі VI Фелипеге және Ана Пасторға жоғары марапаты үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Испания арасында сенімді әрі достық қарым-қатынас орнағанын атап өтті.
«Біз тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап Испания Корольдігімен байланыс орнатып, өзара сенімді екіжақты қарым-қатынастарға қол жеткіздік. Осы жылдар ішінде Испания Қазақстанға өз қолдауын көрсетіп келеді. Испания Королі VI Фелипе Қазақстанға ресми сапармен келіп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты. Бұл біз үшін зор мәртебе», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның саясатта және экономиканың түрлі секторларында Испаниямен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін айтты.
Рәсім соңында Қазақстан Президенті Испания Королі VI Фелипеге шынайы ризашылығы мен жылы лебізін жеткізуді сұрады және Испания халқының игілігі үшін атқарып жатқан қызметіне табыс тіледі.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен марапатталды -
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді -
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды -
Экология проблемаларын шешуге арналған үздік идея авторлары марапатталды -
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты -
«Елбасы бастамалары халықтың игілігіне қызмет етіп келеді»: сарапшылар пікірі -
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді -
Тель-Авивте Астана күніне және Елбасының 80 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті -
Елорда күніне және Елбасының туған күніне орай жеделхаттар келіп түсуде -
Елбасы Қазақстан халқына үндеу жолдады