- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 89 отбасы жер учаскесімен қамтылды
Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 89 отбасы жер учаскесімен қамтылды
Облыс әкімдігі хабарлағандай, Бердібек Сапарбаев құрылыс алаңдарын қарап шыққан соң жаңа құрылыстардың тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етілуіне қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
«Газ, су мен жарық ешкімді қалдырмай барлық учаскеге кіргізілетін болады. Басты міндет - үйлердің құрылысын қазан айының ортасынан кешіктірмей аяқтау. Қазақтар əрқашан бір біріне көмектескен, барлық туыстары, достары "асарлатып" көмектесулері керек. Біз қажет болған жағдайда əрбір отбасыға материалдық жағдайына байланысты қосымша жəрдем беру мəселесін қарастыратын боламыз»,-деп атап өтті облыс əкімі.
Өңір басшысы Ақтөбе қаласының əкімдігіне ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін газ бен суды кіргізіп беруді тапсырды.
Ақтөбе облысында барлығы 89 отбасы жер телімдерімен қамтамасыз етілді. Олар жер телімдерімен қоса 1 млн теңгенің ақшалай сертификатын алды.
"Қолғанат Ақтөбе" қорынан түскен қаражат 5 те 8 метрлік үйді салуға есептелген құрылыс материалдарын сатып алуға жəне көлік шығынына арналған.
Айта кетейік, араларында бюджеттік сала қызметкерлері, мүгедектер мен көпбалалы отбасылар бар жер телімдерін алған 9 жанұяға баспаналарының құрылысы кезінде тұру үшін шағын отбасыларға арналған жатақханадан пəтерлер бөлінген болатын.
Бұдан өзге, тасқыннан зардап шеккен 20 отбасыға пəтер кілттері табысталды. Олардың ішінде 4-еуі кейін сатып алатын жалдамалы пəтер кілтіне ие болса, 14 отбасы демеушілер мен жұмыс берушілерінің есебінен баспаналы болды.
ҰОС мүгедегіне берілетін жеңілдіктерді алушыға теңестірілген жəне бюджеттік сала қызметкері саналатын тағы екі зардап шегушіге шағын отбасыларға арналған жатақханадан пəтерлер ұсынылды.
Жергілікті билік те баспаналары жөндеуді қажет ететін азаматтарға көмектесу үшін барлық қажетті шараларды қолдануда.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары