- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР мен БАӘ арасында іргелі келісімшарттық-құқықтық қор қалыптасқан
ҚР мен БАӘ арасында іргелі келісімшарттық-құқықтық қор қалыптасқан
Ведомство хабарлағандай, қос тараптың жүздесуі барысында екі елдің әлеуметтік саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмау мәселелері қаралып, Қазақстан мен Әмірліктер Үкіметтері күнтәртібінде тұрған әлеуметтік басымдықтар жайы таразыланды.
«Шетелдік әріптестермен кездесулердің тиімділі сол, әлеуметтік түйткілдер мен оларды шешу жолдарын іздестіріп, бірлесе қимылдаудағы жаңа мүмкіндіктер көкжиегі пайда болады. Бүгін Сіздермен де нақты келісімдер жасау ықтималдығын талқылауға әзірміз», - деді Тамара Дүйсенова.
Осы орайда Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктерімен, әлеуметтік-еңбек саласын қосқанда, бірқатар бағыттарда белсенді ынтымақтастық орнатқанын атап өткен абзал.
Еске сала кетсек, 2017 жылдың 23 мамырында БАӘ Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі министрі шейх Абдолла бен Заид Әл Нахаян Астанаға ресми сапармен келіп, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевпен, ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен және Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановпен келіссөздер жүргізген еді.
Сапар қорытындысында Қазақстан-БАӘ Іскерлік кеңесін құру іспетті маңызды екіжақты құжаттарға қол қойылғаны белгілі.
Қазіргі кезде қос ел арасында 80-нен астам мемлекетаралық, үкіметаралық және мекемеаралық уағдаластықтардан тұратын іргелі келісімшарттық-құқықтық қор қалыптасып үлгерді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер