- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО- да оқу ғимараты мен жатақхана қолданысқа берілді
ОҚО- да оқу ғимараты мен жатақхана қолданысқа берілді
«Оқу орнының ашылу салтанатына облыс әкімі А.Мырзахметов қатысып, аудан тұрғындарын үлкен қуаныштарымен құттықтады. Облыс басшысы өз сөзінде бүгінгі еңбек нарығы кәсіптік мамандықтар иелеріне зәру екендігін айта отырып, мұнда жастардың кәсіптік білім алуларына барлық мүмкіндіктер жасалғандығын жеткізді», - делінген хабарлады.
Оқу ғимаратында 15 оқу кабинеттері жабдықталған. Оның ішінде 6 − арнайы технология, 6 − лингофон және 3 − информатика кабинеттері бар. Одан бөлек химия, биология, физика пәндеріне арналған кабинеттер мен ұстаздар және әдістемелік көмек көрсету бөлмелері, зертханалар қарастырылған. Озық сәулет үлгісімен салынған ғимаратта дәрігерлік көмек көрсету және жуыну бөлмелері, 8 оқу шеберханалары, 90 орындық асхана, 44 орындық кітапхана, 156 орындық мәжіліс залы және спорт кешені орналасқан.
Аталмыш оқу орны 1958 жылы бұрынғы Алғабас ауданы, Жамбыл елді мекеніндегі Жүзімдік машина-трактор стансасының базасында құрылған. Арнайы ғимараты болмаған оқу орны әр жылдары Қызылжар, Жамбыл, Шаян елді мекендеріндегі ескі ғимараттарда орналасқан болатын.
Бүгінгі таңда бұл жаңа заманауи ғимаратқа ие болған оқу орнында «тігінші», «ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторист-машинист», «электр құралдарын жөндеуші электромонтер» мамандықтары бойынша барлығы 338 адам білім алуда.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары