- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында теміржол желісі ұзарды
Қызылорда облысында теміржол желісі ұзарды
17 Шілде, 2017 20:47
Бүгінде Қызылорда облысының аумағынан 18 жұп жолаушы пойызы, оның ішінде мемлекетаралық (Өзбекстан және Ресей Федерациясы) бағыттағы 6 жұп пойызы өтеді.
Өңір әкімдігінің мәліметі бойынша, соңғы екі-үш жылда аймақтағы теміржол қатынасының аясы кеңейе түсті.
2014 жылдың 22 тамызынан «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолы уақытша пайдалануға қосылды.
Осыған байланысты, 2016 жылдың наурыз айында облысаралық «Қызылорда - Жезқазған» темір жол қатынастары ұйымдастырылды.
Осы жылдың 1 шілдесі күні «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жаңа жолаушылар пойызы жолға шықты. «Қала маңындағы тасымал» АҚ-ға қарасты жаңа бағыт бойынша екі вагондық пойыз аптасына 5 күн қатынайды. Ол облыс оңтүстігіндегі барлық аудан орталығы мен станцияларға, разъездерге тоқтайды.
Саладағы тағы бір жаңалық – аймақ теміржол желісі ұзара түсті. «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолының Қызылорда жол бөлімшесіне қарасты Сексеуіл станциясынан Қоскөл станциясына дейін жолдың қашықтығы 271,3 шақырымды құрап, оның бойында Қарашеген, Абай, Аралық станциялары мен 10 бекет салынуда.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
ИИДМ: Өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, теміржол көлігінің дамуы және тұрғын үй саласы -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады