- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында еліміз бойынша алғашқы көмірқышқыл зертханасы ашылды
Қарағанды облысында еліміз бойынша алғашқы көмірқышқыл зертханасы ашылды
Бұл жоба - SGS компаниясының аймағымыздағы ірі көмір шығарушы кәсіпорнымен әріптестік жасауының нәтижесі.
"Бұл біздің Қазақстан аумағындағы алғашқы SGS көмірқышқыл зертханамыз. SGS – әлем бойынша көмірді инспекциялау және сертификаттау саласында қызмет көрсететін ғаламдық компания. Зертхананың ашылуы «Шұбаркөл Премиум» кәсіпорнына өзінің клиенттік базасын ұлғайтуға және экспорттық нарықтарға шығуға зор мүмкіндік береді. Біз нәтижелі серіктестік орнайтынына үміттіміз. Барлық әлемдік трейдтер біздің сертификаттарымызды қабылдайды және шығарылатын өнімнің сапасына сенімді бола алады", - деді Минералды шикізат департаментінің жетекшісі Алексей Зотов ашылу салтанатында.
Осыған дейін көмірді ресейлік Новокузнецк қаласына тасымалдау керек болатын. Енді ол сараптамаларды жергілікті жасау мүмкіндігі туды. Зертхана базасында көмір шығаратын кәсіпорындарға халықаралық үлгідегі сапа сертификаты берілетін болады.
"Бұл Біздің «Шұбаркөл Премиум» компаниямыздың үлкен қадамы. Біз жас компаниямыз, алайда тез дамып келеміз. SGS-тің көмір өнімдерінің сапа басқару тәжірибесін ескерсек, дәл біздің көмірдің тек Қазақстанның ғана емес, Ресей нарығына да шығатынына үміттенеміз", - деді «Шұбаркөл Премиум» көмір разрезінің бас директор орынбасары Александр Лонтковский.
Қазіргі таңда көмірқышқыл зертхана алты түрлі зерттеулер жүргізеді. Келешекте қызмет түрлерін кеңейту көзделуде. Зертхана аттестаттаудан өтуі тиіс. Барлық кәсіпорындар көмірлерін осында сараптамаға тапсыра алады.
Айта кетейік, SGS компаниясы – инспекциялық қызмет, сараптама, сынау және сертификаттау саласындағы әлемдік көшбасшы. Дүние жүзі бойынша SGS-дің 2000-нан астам кеңселері мен зертханалары жұмыс істейді. Оларда 90 мыңнан астам адам жұмыс атқарады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды