- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында екі су қоймасы салынады
Ақмола облысында екі су қоймасы салынады
17 Шілде, 2017 10:34
Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақмола облысында тасқын суды жинау және Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарын сумен қамтамасыз ету мақсатында екі су қоймасын салу мәселесі шешілуде. Бұл туралы Атбасар ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Мәлік Мырзалин хабарлады.
Аймақ басшысы Атбасар ауданында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен жандар үшін салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты.
Атап өтер болсақ, баспанасыз қалған отбасылар үшін 45 пәтерлі 12 үйдің құрылысы жүргізілуде.
Құрылыс барысымен танысқан М.Мырзалин мердігер компанияға құрылысты тездетуді, сапаға ерекше көңіл бөліп, Ақмола облысы өндірушілерінің құрылыс материалын пайдалануды тапсырды.
Бұдан басқа, әкім су астында қалып қойған №1 орта мектепте болды. Бүгінде мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, облыс әкімі зардап шеккен тұрғындармен кездесті.
Естеріңізге сала кетейік, Атбасар ауданында су тасқынының салдарын жою үшін облыстық бюджеттен 513,1 млн теңге бөлінді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды