- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Румыния қарым-қатынасына 25 жыл толды
Қазақстан мен Румыния қарым-қатынасына 25 жыл толды
ҚР СІМ хабарлағандай, Астана мен Бухарест арасындағы достық қатынастар саяси диалогының, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қарышты дамуына қолайлы жағдай жасалуда. БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде екі елдің өз күштерін үйлестіруі тараптардың жақындасуына септігін тигізеді.
2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Румынияға ресми сапары екіжақты қатынастардың маңызды кезеңі болды. 2010 жылы Румынияның Президенті Қазақстанға екі мәрте сапар шекті. Парламенттік және үкіметтік делегациялардың сапарлармен алмасуы жүйелі іске асырылып, елеулі келісім-шарттық негізі құрылды.
Екі елдің сыртқы саяси мекемелері арасындағы бірлескен іс-әрекеттер жоспары шеңберіндегі жүйелі саяси консультациялар ынтымақтастықтың маңызды құралдарының бірі болып табылады.
"Екіжақты өзара іс-қимылды дамытудың пәрменді тетігінің құралы Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы болып табылады. Елдер көліктік-транзиттік әлеуетін, соның ішінде Транскаспийлік халықаралық көлік маршруты шеңберінде тиімді пайдалануға ниетті. Румыния Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады", - делінген коммюнике мәтінінде.
Қазақстан, өз кезегінде, осы ел экономикасының ірі инвесторларының бірі болуда. Іскерлік байланыстарды жандандыруға тұрақты мүдделілік танытылуда.
Мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы ынтымақтастық белсенді дамуда. Қазақстанда, атап айтқанда Алматыда «Ұлы Штефан», Қарағандыда «Дачия» және Павлодарда «Буковина» румын ұлттық-мәдени қоғамдары жемісті қызмет атқаруда. 20 мыңнан астам қазақстандық румындар халықтар арасындағы достықтың дамуы мен нығаюының байланыстырушы көпірі болып табылады.
Қазақстан Румыниямен саяси диалогты әрі қарай нығайтуға және жан-жақты өзара іс-қимылды кеңейтуге ниетті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары