Мемлекеттік басқару академиясында ашық есік күні өтті (фото)

17 Шілде, 2017 09:32
ҚР Президенті жанындағы Мемлекетттік басқару академиясында Ашық есік күні өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Шараға Астана мен аймақтардан келген мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

«Білімің мен кәсіби біліктігігіңді арттырмай мемлекеттік аппаратты толығымен жаңғырту мүмкін емес. Қазіргі уақытта өзгерістер жедел жүріп жатады», - деп атап өтті өз алғы сөзінде Академия ректоры Фатима Жақыпова.

Ағымдағы жылы академия магистратураның 6 бағдарламасы бойынша қабылдау жүргізуде: мемлекеттік менеджмент; аймақтық даму; халықаралық қатынастар; мемлекеттік саясат; экономика. Сонымен қатар докторантураның 4 бағдарламасы бар: мемлекеттік басқару; экономика; халықаралық қатынастар; мемлекеттік менеджмент.

Басты өлшемдердің бірі — ағылшын тілін білу, талапкерлер APTIS, IELTS немесе TOEFL тесттерін тапсыру керек.

Айта кетерлік жайт, оқуға түсу үшін қажетті құжаттар саны қысқартылған. 

Барлық жаңалықтар