- Басты
- Жаңалықтар
- Қ. Тоқаев Чехияның "жасыл экономиканы" дамытудағы тәжірибесін жоғары бағалады (ФОТО)
Қ. Тоқаев Чехияның "жасыл экономиканы" дамытудағы тәжірибесін жоғары бағалады (ФОТО)
«Болашақтың энергиясы» тақырыбындағы көрмені өткізе отырып, Қазақстан «таза» энергияны дамыту идеясын жаһандық ілгерілетуге қомақты үлес қосуда", - деп санайды спикер.
Сенаттың баспасөз қызметінде хабарлағандай, Еуроодақ мемлекеттерімен, соның ішінде Чехиямен өзара тиімді ынтымақтастық Қазақстанның жаңғыруына қатысты міндеттерді табысты орындауына оң ықпал ететін болады.
«Чех Республикасы халықаралық аренада Қазақстанның сенімді серіктесі болып табылады, біздің арамызда жан-жақты өзара әрекеттесу мен барлық деңгейдегі сенімді диалог орнатылған» ,- деді Сенат Төрағасы.
Төраға өз сөзінде саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық аспектілер кіретін екі жақты ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтті.
«Біз Чехияның жаңа технологияларды құру, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, туризм мен білім беруді ілгерілету жөніндегі озық тәжірибесін жоғары бағалаймыз. Астанадағы көрмеде «жасыл экономиканы» және «таза технологияларды» дамытудағы Чехияның жетістіктерін паш ету осы салалардағы біздің ынтымақтастығымызды кеңейту мен нығайту үшін тамаша мүмкіндік болады деп есептеймін», -деді Қ.Тоқаев.
Чехия Парламенті Сенатының Төрағасы Милан Штех адамзатты алаңдататын мәселелерді шешудегі «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңызды рөлін атап өтті. Теңізге шығатын жолы және үлкен шикізат қоры жоқ Чехия баламалы энергия көздері ресурстарын тұтыну және пайдалану проблемаларын шешудің жолдарын бірлесе іздеуге мүдделі.
Ашылу салтанатына қатысушылар Чехия Ұлттық павильонының экспозицияларымен танысты, онда Қ.Тоқаев құрметті қонақтар кітабында жазба қалдырды. Содан кейін шараға қатысушылар Қазақстанның «Нұр Әлем» павильонын аралады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда