- Басты
- Жаңалықтар
- «Жол жүрісі туралы» ҚР Заңы күшіне енді
«Жол жүрісі туралы» ҚР Заңы күшіне енді
Жол жүрісі саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру үшін ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
«Жол жүрісі туралы» заң уақтылы енгізіліп отыр және оған енгізілген түзетулер сыбайлас жемқорлыққа әкелетін жағдайларды жоюға бағытталады», - деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Сондай-ақ енді тәртіп сақшысын суретке түсіруге болады; көлік жүргізуші одан құжаттарын тексеруге құқылы лауазымды адамнан көлік құралын тоқтатудың себебін түсіндіруін сұрауға құқылы, жүргізушіні тоқтатқан жағдайда автомобильдегі жолаушы полиция қызметкерінің рұқсатынсыз көліктен шығып, кетуге құқылы.
Бұдан бөлек, бұзушылықтар үшін анағұрлым ауыр жаза қолдану шаралары көзделетін нормалар қабылданған. Мысалы, ҚР Әкімшілік кодексінің 613-бабының 4-тармағын бұзған кезде, яғни алкогольдік, есірткілік мас болу күйін куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда көлік жүргізу құқығынан айыру мерзімі екі жылдан үш жылға дейін ұзартылды.
Заңның ережелері 2017 жылғы 15 шілдеден бастап қолданысқа енеді.
Сонымен қатар, велосипедтердің жаяу жүргіншілер өткелдері бойынша жүруіне тыйым салынған.
«Бұл жағдайда жолдың көлік жүретін бөлігі арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелдері туралы сөз болып отыр. Велосипедші ол жерден жаяу жүргінші тәрізді өтуі тиіс. Бұл олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қарастырылған», - деп атап өтті ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының бірінші орынбасары Әлібек Кеніспев.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
QazVaс: Формальдегид вакцинаның антигендігі мен иммуногенділігін төмендете ме