• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б. Сағынтаев мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру жөнінде кеңес өткізді

Б. Сағынтаев мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру жөнінде кеңес өткізді

15 Шілде, 2017 10:32
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жобасы аясында мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді деп хабарлайды primeminister.kz.

Кеңес барысында интеллектуалды көлік жүйесін құру, геологиялық барлаудың интерактивті ұлттық деректер базасын енгізу, тұрғын үй алуға кезекте тұрғандардың электронды деректер базасын құру, виртуалды музейлер желісін жүргізу және кітапхана қорын цифрландыру, сонымен қатар заңнама жүйесін цифрландыру, соның ішінде сот сараптамасын автоматтандыру мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік органдардың цифрлық форматқа ауысу тәсілдері туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, ҚР мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов және ҚР әділет министрі М. Бекетаев баяндады.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев кеңес қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Бұдан бөлек, Үкіметте индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Кеңес барысында Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында іске асыру бойынша жұмыс қорытындылары және алдағы кезеңге арналған егжей-тегжейлі жоспар қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев құзыретті мемлекеттік органдарға Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын сөзсіз іске асыру мәселелері бойынша бірқатар тапсырма берді. 

Барлық жаңалықтар