- Басты
- Жаңалықтар
- Ұ.Әліпов «Орталық-Батыс» жобасының кешеуілдеу себебін түсіндірді
Ұ.Әліпов «Орталық-Батыс» жобасының кешеуілдеу себебін түсіндірді
«Бүгінгі таңда Қостанай-Ақтөбе арасындағы жолда күрделі жөндеу жүргізілуде. Ақтөбе облысында жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазір Ақтөбе шекарасынан бастап Қостанайға дейін Денисовка елді мекенінің маңында жолдар жөнделуде. "Орталық - Батыс" бағыты бойынша, қазір Астана – Қорғалжын-Егіндікөл –Державинск-Арқалық-Торғай – Ырғыз (жаңа бағыт) – Шалқар – Қандыағаш – Атырауға тура шығатын жолдар жөнделіп жатыр. Ал, Ырғыздан Ақтөбеге «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолы бойынша баруға болады», - деді Ұ.Әліпов.
Сондай-ақ, ол әлеуметтік желіде қойылған сұрақтарға жауап беру барысында Державинск маңайындағы жолдар жергілікті әкімшілікке қатысты екенін айтып өтті. Осы орайда, жергілікті жолдардың жөндеу жергілікті әкімшіліктердің құзіретіндегі шаруа екенін айтты. Ал жалпы "Орталық-Батыс" жобасы құрылысының кешеуілдеуін Ұ.Әліпов былай түсіндірді.
«Қазір банктермен келіссөздер жүргізілуде. Ал, банктермен келісімшарт Парламентке ратификациялану үшін бағытталады. Кейін ол заңға Елбасы қол қоюы тиіс. Осындай үрдістер болғаннан кейін қаражаттың бөліну мерзімі созылып кетеді», - деді ол.
Айта кетейік, Strategy2050.kz АА ақпараттық-сараптамалық порталы мен «Астана радиосының» бірлескен «Стратегия» пікірсайыс клубы алаңында елдегі маңызды мәселелер талқыланады. Клуб отырысы айына екі рет, жұма күні сағат 17:00-де «Астана радиосының» тікелей толқынында тарап, Strategy2050.kz сайтында онлайн жүйесінде көрсетіледі.
Аягөз Құрмаш
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
«Ашық» жобасының iске асырылуы -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері -
Бекшин Алматы қаласында шектеу шараларының жеңілдеу себебін түсіндірді -
Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағаларының өсу себебін айтты -
Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға қатысты заң жобасының мүмкіндіктері -
ҚР Төтенше жағдай министрі қар құрсауында қалмаудың жолдарын түсіндірді -
Жастар үшін мүмкіндік: «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» жобасының ерекшеліктері -
Балаларды кітап оқуға қызықтыру: «Оқуға құштар мектеп» жобасының ерекшеліктері -
«Ауыл» партиясы шаруа қожалықтарына кооперативтердің пайдасын түсіндірді