- Басты
- Жаңалықтар
- Республикалық жолдардың кейбірінің жөндеу мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен (ВИДЕО)
Республикалық жолдардың кейбірінің жөндеу мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен (ВИДЕО)
« Тас жолдар салынғаннан кейін әрбір бес жыл сайын орташа жөндеу жүргізіледі. Орташа жөндеу дегеніміз жолдың беткі қабатын ауыстыру, яғни жол бетіне жұқа бетон салу немесе шағыл тасты, материалдық жабындыларды төсеу бойынша жөндеу жүргізілуі тиіс. Бұл баяғыдан келе жатқан норматив. Ал, күрделі жөндеу- асфальт бетін жамау 12 жыл сайын жүргізіледі. Цемент жабындыларын төсеу әр 15 жыл сайын жүргізіледі», - деді Ұ.Әліпов.
Сондай-ақ, кәсіпорын басшысы әбден тозығы жеткен республикалық жолдарға қатысты, мәселен, Күрті-Бурылбайтал, ШҚО Қалбатау, Атырау мен Астрахан бағыттарындағы тас жолдардың жөндеу мерзімдерінің өтіп кеткенін айтты.
«Ол жолдар бірнеше күрделі жөндеу мерзімінен өтіп кетті. Біз егемендік алғаннан бері аталмыш жолдарға аса көп көңіл бөлінген жоқ. Себебі, жолдардың жөнделуіне қаражат аз бөлінді, толық жөндеу жүзеге асырылмады. Елбасымыз 2001 жылды «Жол» жылы деп жариялаған болатын. Сол жылдан бастап мардымды қаражат бөліне бастады. Ең алдымен көлік көп жүретін жолдарды жөндеуге басымдылық берілді. Қаражаттың жетіспеуіне байланысты барлық жолдарды қамту өте қиын. Кеңестік кезеңнен қалған жолдарға орташа, күрделі жөндеу жүргізілмеген соң, тозығы жеткен жолдарды қалпына келтіру өте қиын», - деді Ұлан Әліпов.
Ол сондай-ақ, жолдарды күтіп ұстаудың нормативтік құны бар екенін айтты.
«Республикалық жолдардың жалпы ұзындығы 23 мың шақырымды құрайды. Бұл жолды күту үшін ғана 30 млрд теңге бөліну қажет. Биыл бұл мақсатқа тек 17 млрд теңге ғана қаржы бөлінді. Толық құнның жартысынан сәл ғана асады. Міне, сол себепті көп жолдар күтусіз қалады. Қаражат жетпегендіктен», - деді Ұлан Әліпов.
Аягөз Құрмаш
-
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Cалықтық декларациялау: тапсыру мерзімі, көрсетілетін деректер және іс-шаралар жоспары -
«Болашақ» бағдарламасына құжат тапсыру мерзімі мен жаңа талаптар -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы