Сенат депутаттары тиісті куәлік белгілерін алды

14 Шілде, 2017 20:17
ҚР Парламенті Сенатының депутаттарына тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгілер табыс етілді, бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес тіркеуден соң депутаттар қызметіне кіріседі. Тіркеуден өткен Сенат депутаттарына тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыруға рұқсат етіңіздер»,- деді ҚР ОСК басшысы Берік Имашев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының жарлықтарымен Айтпаева Сәуле, Волков Владимир, Мұсабаев Талғат Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып тағайындалған болатын.

Еске сала кетейік, 2017 жылғы 28 маусымда елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтіп, барлық өңірлерден және Астана, Алматы қалаларынан 16 депутат сайланған болатын. Олар 2017 жылғы 30 маусымда ҚР Орталық сайлау комиссиясында тіркеуден өтті. 

Барлық жаңалықтар