- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО көрмесінің билет бағдарламасына түзетулер енгізілді
ЭКСПО көрмесінің билет бағдарламасына түзетулер енгізілді
«Астана күнін атап өтуге орай, 1-10 шілде аралығында бірқатар іс-шаралар өткен болатын. «Жастар» билеті енгізілді, ол бойынша балалар мен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мереке және демалыс күндері көрмеге тегін бара алады. Бұл билет келушілердің арасында жоғары сұранысқа ие болды, олардың жалпы саны 50 мыңнан асты. «Кешкі билетті» 40 мың адам сатып алды. Алайда, өкінішке орай, «3+1» акциясы мұндай үлкен сұранысқа ие болмады. Сондықтан біз оны тоқтаттық», - деп хабарлады Д. Еркімбаев.
Департамент директорының ақпараты бойынша 15 шілдеден бастап сатылым жүйесінде билеттердің үш санаты ғана қалады: құны 4000 теңге болатын, кез келген күнге арналған, күні белгіленген билет, құны 6000 теңге болатын, кез келген күнге арналған, күні белгіленбеген билет, сондай-ақ құны 2000 теңге болатын, кез келген күнге арналған кешкі билет.
«Осылайша, бізде демалыс күндеріне арналған билеттер сатылмайды. Кәдімгі билеттер және кешкі билеттер бар. Осы ретте азаматтардың белгілі бір санаттары үшін 50% мөлшеріндегі жеңілдіктер сақталады. 15 шілдеге дейін сатып алынып, пайдаланылмаған және күні бойынша белгіленбеген, демалыс күніне арналған, күні белгіленбеген билет көрмеге бір күнде (билетті турникетте 2 рет санау арқылы) және кез келген басқа күні екі рет кіруге мүмкіндік береді», - деп қосты спикер.
Абонементтердің құны 50 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін төмендетілгенін айта кеткен жөн. Мұндай билеттерге қатысты азаматтардың белгілі бір санаттары үшін 50% мөлшерінде жеңілдіктер қолданылады.
Ақбота Күзекбай
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
«Болашақ» бағдарламасына құжат тапсыру мерзімі мен жаңа талаптар -
Бюджет кодексі: өзгерістер мен түзетулер