- Басты
- Жаңалықтар
- Қ. Тоқаев Чехия Сенатының төрағасымен кездесу өткізді
Қ. Тоқаев Чехия Сенатының төрағасымен кездесу өткізді
Қ.Тоқаев Праганың«ЭКСПО-2017» өткізуге қолдау білдірген шешімін және халықаралық көрменің ашылуына Президент Милош Земаннныңөзі қатысқанын жоғары бағалады. 15 шілдеде екі ел Парламенттері Жоғарғы Палаталары Төрағалары «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Чехияның Ұлттық күнінің ашылуында сөз сөйлейтін болады. Қ.Тоқаев Чехия Қазақстанның Еуропалық Одақ пен Орталық Еуропадағы маңызды әріптесі болып табылады деп атап өтті.
Біздің мемлекет басшыларының, үкіметтерімен іскер ортаның арасында сенім және жан-жақты диалог қалыптасқан. Заң шығарушы органдар арасындағы ынтымақтастық серпінді сипаталды. Қ.Тоқаев Чехия Парламенті алғашқылардың бірі болып Еуропалық Одақ пен Қазақстанның арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялағаны үшін М. Штехқа алғысын білдірді.
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасының айтуынша, бұл келісім біздің еліміздің ең ірі сауда-экономикалық және инвестициялық әріптесі Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты белсенді етуге мүмкіндік береді. Қ.Тоқаев байланыстарды одан әрі кеңейту әлеуетін Азия мен Еуропаны жалғайтын ірі халықаралық көлік инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуымен байланыстырады. Еліміздегі «Нұрлы жол» бағдарламасымен ұштасатын Қытайдың«Бір – белдеу, бір – жол» бастамасы жүзеге асуында Қазақстанмаңызды рөл атқарады. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы байланыстарды дамыту келешегін талқылады.
М. ШтехҚазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформаларға, мемлекеттік мекемелерді жекешелендіру бағдарламаларына қызығушылық танытты. Чехия Сенатының төрағасы парламентаралық үнқатысудың жоғары деңгейі екі мемлекет арасындағы дәстүрлі жылы және достық қарым-қатынастардың маңызды бөлшегі болып табылады деп атап өтті. Кездесу аяғында М. Штехөзінің қазақстандық әріптесін Чехияға ресми сапармен келуге шақырды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда