Мәжіліс депутаттары Қорқыт ата станциясының қызметкерлерімен кездесті

14 Шілде, 2017 11:59
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл, Бақытгүл Хаменова, Зәуреш Аманжолова Қызылорда өңіріне жасаған сапары барысында Қармақшы ауданы Қорқыт ата станциясындағы теміржолшылармен кездесті.
Қызылорда облысының әкімдігінде хабарлағандай, басқосуда Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері сөз болды.
Халық қалаулылары теміржолшыларға маңызды құжаттардан туындайтын мақсат-міндеттерді барынша түсіндіріп, оларды жүзеге асыруда еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеу жолында экономикамыздың күретамыры теміржол саласы мамандарының үлесі қомақты екенін айтты.  
"Алдағы уақытта көтерілген осы мәселелерді тиісті органдардың қарауына ұсынамыз", — деді депутат Зәуреш Аманжолова.
 
Барлық жаңалықтар