ОҚО-да 2017 жылдың соңына қарай 6375 пәтер пайдалануға беріледі

14 Шілде, 2017 12:17
ОҚО-да 2017 жылы құрылысы жоспарланған 196 нысанның 121-ін пайдалануға беру көзделсе, қалғаны келер жылдың еншісіне қалады.

Аймақ әкімдігінің мәліметі бойынша, ел игілігіне берілетін нысандардың 29-ы білім беру нысаны болса, 34-і денсаулық сақтау, 1-уі әлеуметтік қамту, 3-уі мәдениет саласына байланысты, ал 42 нысан 61 тұрғын үй ғимараттарына жатады. 

Бұдан басқа, биыл 10879 пәтерлі 226 тұрғын үйдің (ауданы 737,6 мың ш.м.) құрылысы жүріп жатса, жыл соңына дейін соның 6375 пәтерден тұратын 115 үйі (ауданы 388,7 мың ш.м.) кезегін күткен қожайындарына тапсырылады. 

Барлық жаңалықтар