Еліңнің ертеңі

12 Желтоқсан, 2013 10:43
Бүгінде қазақстандық жастар мемлекет дамуының стратегиялық ресурсы болып табылады. Алайда, жас толқын бұл шешіммен келісе ме? Әлбетте. Оны жақында «Болашақ» бағдарламасының 20 жылдық мерей тойына арналған форумы да құптайды. Шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан болатын. Шарада «Қазақстан-2050» Стратегиясының жүзеге асуының қорытындысы айтылды.

Ақылды мемлекетте жастардың бастамасына мүмкіндік беріледі. Оларда жастық жалын мен күш бар. Жас азаматтар- мемлекет болашағы.

«Қазақтан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»  баяндалғанына бір жыл өтті. Онда аталмыш жылға дейін мемлекеттің даму бағыты қарастырылып, жоспарланған. Тарихи оқиға 2012 жылдың 14 желтоқсанында болды.

 2050 Стратегиясында қойылған басты мақсат 30 дамыған елдің қатарына ену. Президент халыққа Жолдауында жастар болашақ үмітімізді  ақтайтын басты ресурс екенін айтты.

Қазақстанның 14-29 жас аралығындағы жастары елдің 26 пайызын құрайды. Өткен жылы оның саны 4,4 млн-ға жетті. Республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жастан жас болып келеді. Елдің ертеңі үшін күресетін жас қазір қоғамның белді мүшесіне айналды.

Жастар өз кезегінде үлгі болып қалу керек. Олар ешқандай кедергіге мойымаулары тиіс. Тек қана білім адамзаттың асыл қазынасы болып қалмақ. Бұл туралы strategy2050.kz порталына берген сұқбатында «Болашақ» бағдарламасының түлегі Абай Қапабаев айтқан болатын. –

Әлемдік экономикада қандай өзгеріс болмасын білімі мол адамдар көш соңындай қалмайды. Сондықтан да, жастар білікті, ақылды болулары тиіс. Болашақтықтарға ешбір қиындыққа мойымай өз мақсаттарына жетулеріне тілектеспін.

Аманжол Смағұлов, Алматы