Кентау қаласында 2 тұрғын үйдің құрылысы басталды

13 Шілде, 2017 20:46
Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында 5 қабатты екі тұрғын үйдің монтаждау жұмыстары басталды. Тұрғын үйлердегі пәтер саны 60. Оның ішінде бір бөлмелі 10, екі бөлмелі 20 және үш бөлмелі 30 пәтер бар, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.

Кентау қалалық  құрылыс  бөлім ітапсырысы  бойынша  тұрғын  үй  құрылысын  жүргізу   үшін  мемлекеттік  сатып  алу  электронды  конкурс  нәтижесі  бойынша «Стройсервис–XXI»ЖШС-і  жеңімпаз  атанған. Қазіргі таңда аталған екі нысанда уақытша ғимараттар орнату, қоршау,  котлован қаззу  жұмыстары жалғасып жатыр.  

Биылдың өзінде қос нысанған 200 млн теңгеден  қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын аяқтау 2018 жылға белгіленіп отыр. 

Аталған нысандар «Өңірлерді дамыту - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтеретін болады. 

 

Барлық жаңалықтар