• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЖЭК жөніндегі 5 жоба германиялық тараптың қатысуымен жүзеге асырылып жатыр

ЖЭК жөніндегі 5 жоба германиялық тараптың қатысуымен жүзеге асырылып жатыр

13 Шілде, 2017 19:52
Астанада Германия Федеративті Республикасының Президенті Ф.-В. Штайнмайердің Қазақстанға сапары аясында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия үкіметаралық жұмыс тобының 11-ші отырыс болды.

Отырыс ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаировтың және ГФР экономика және энергетика федералды министрлігінің сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры Эгхарт Францтың төрағалығымен өтті.

Жұмыс тобы отырысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері; энергетика саласы бойынша энергия тиімділік, қоршаған ортаны қорғау және «жасыл экономика»; шикізат, өнеркәсіп және технология саласы; білім, туризм, инфрақұрылым сапасы, көлік логистикасы, ауыл шұаруашылығы мен су ресурстары, денсаулық сақтау, бәсекелестікті қорғау, сонымен қатар, Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы комитеттерімен жұмыс аясындағы ынтымақтастық сияқты мәселелер талқыланды.

Инвестициялар және даму министрлігі  хабарлағандай,  қазіргі уақытта германиялық инвесторлардың қатысуымен 2020 жылға дейін жалпы қуаты 189 МВт болатын жаңартылған энергия көздері жөнінен 5 жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүгізілуде.

Қазақстан-Германия Іскерлік Кеңесі тұрақты түрде жұмыс істейді. Кезекті отырыста 872 млн. евро. сомасындағы 21 құжатқа қол қойылды.

Екі жақ Германияның озық технологиясы мен білімін және тәжірибесін қолдануға бағытталған экономикалық өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін атап өтті.

Сәтті шыққан үлгі ретінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Германияның «DENA» энергетикалық агенттігі арасындағы Қазақстанда энергиялық сервистік нарықты дамыту моделін әзірлеу жөніндегі ынтымақтастығын айтуға болады.

Сондай-ақ, «Қазақстанның индустрияны дамыту институты» АҚ мен Фраунгоффера институты арасындағы Индустрия 4.0 технологиясын енгізу саласы бойынша Қазақстан өнеркәсібін цифрландыру ынтымақтастығы да сәтті жобалардың қатарына жатады.

Тараптар үкіметаралық жұмыс тобының келесі отырысын 2018 жылы Германияда өткізуге келісті.

Барлық жаңалықтар