Астанада автокөлік үшін экологиялық жанармай пайда болды (ФОТО)

13 Шілде, 2017 18:14
Елордада бірінші газқұю станциясы орнатылды, ол күніне 70 қалалық автобусты жоғары сапалы газ жанармаймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Global Gas Group»ЖШС-ның хабарлауынша, табиғи газды көліктің бұл түрі үшін пайдалану 50%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді және экологиялық талаптардың Еуро-5 қосқанда жоғары деңгейіне жауап береді. Аталмыш станция бір уақытта 2 автобусқа газ құя алады, газ құюға  20 минут уақыт кетеді.

Жаңармайдың бұл жаңа түрі ЭКСПО-2017  халықаралық мамандандырылған көрмеге келетін қонақтарды тасымалдауға арналған шаттлдарда табысты пайдаланылуда, енді міне Астананың қоғамдық көліктері үшін де қолжетімді.  

Бүгінде Қазақстанның оңтүстік аймақтарында, Өзбекстан мен Ресейде табиғи газ үлкен сұрансықа ие, ол өзін  экологиялық таза, ұзақ уақытқа шыдайтын және энерготиімді ретінде жақсы қыранан көрсете білді.  

Барлық жаңалықтар