Ақылды қала: Ә.Исекешев Smart Astana жобасы туралы айтып берді

13 Шілде, 2017 12:45
Smart Astana жобасы туралы қала әкімі Әсет Исекешев Астанада өтіп жатқан ТМД ірі қалалары мен Халықаралық Ассамбеля астаналарының XXV сессиясы барысында айтты.

«Бұл – Ақылды басқару – Әкімдік жұмысын автоматтандыру – білім беру және құзырлар (е-learning), CISCO жүйелік академиялар; Ақылды өмір салты – Қауіпсіздік, сапа мен өмір сүру қолайлығы, денсаулық сақтау; Ақылды қоршаған орта – Қоршаған орта сапасын жақсарту, ресурстарды тұрақты дамыту. Қоршаған орта қамқорлығына тұрғындарды тарту; Ақылды транспорт – қаланың  көліктік жүйесін дамыту, Астананың  халықаралық қолжетімділігін арттыру», - деді әкім.

Сондай-ақ, «Ақылды экономика» бойынша  кәсіпкерлікті  бизнес-инкубациялау, қаланың туристік тартымдылығы   арқылы  дамыту қарастырылады. Қазақстандық ғалымдарды иновациялық түрде қолдау және дамыту керек.

«Тұжырымдама аясында біз үздік трансұлттық корпорациялар мен көптеген халықаралық  ұйымдармен тиімді ынтымақтастық орната білдік. Мәселен, CISCO, IBM, Autodesk, Hexagon, MasterCard, OrhitecGIS және т.б. Бүгінде 20 жобаның тізімі шықты, оларды жүзеге асыру  - көшені  ақылды жарықтандыру, заттар инфрақұрылымының интернеті, бейнебақылау, НГИС, Smart медицина, Smart мектеп,  балаларды балабақшаларға автоматты түрде орналастыру, е-Акимат бірыңғай картасы, «Smart Astana» веб-порталы, Smart tracking, Зияткерлік сараптамалық платформа», - деді қала басшысы.

Әкім айтқандай,  Астананың жаһандық қала ретіндегі  трансформациясы аясында ақылды технологияларды енгізіп, ақылды қаланы енгізу қарастырылған.

«Ақылды қала ету – басты мақсат емес. Тұрақты қала атану үшін  тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігін  қамтамасыз ету, бұл цифрландыру кезеңінде сматр-шешімдерсіз мүмкін емес», - деді ол.

Осыған  дейін, әкім  Астана алдына жылына келетін шетелдік туристер санын 1 млн-ға, отандық туристер санын 2 млн-ға жеткізу міндетін қойып отырғандығын айтты.

Ақбота Күзекбай

Фото:Арман Мұхатов 

Барлық жаңалықтар