- Басты
- Жаңалықтар
- Каратэ-до бойынша өтетін ересектер арасындағы Азия чемпионатында 70 үздік спортшы ел намысын қорғайды
Каратэ-до бойынша өтетін ересектер арасындағы Азия чемпионатында 70 үздік спортшы ел намысын қорғайды
Азия біріншілігі елімізде тұңғыш рет өтетінін атап өткен жөн. Бұған дейін Малайзия, Сингапур, Жапония мен Қытай сынды алпауыт мемлекеттерде ұйымдастырылған. Бұдан бөлек, бұл континеттік чемпионатта рейтингтік ұпайлар беріледі. Яғни, Токио-2020 олимпиада ойындарына спортшыларлдың ұпай жинауға мүмкіндіктері бар.
Сонымен қатар, каратэ-додан Қазақстанның Ұлттық құрамасынан әлем және Азия чемпиондары мен жүлдегерлерінен құралған 70 үздік спортшы ел намысын қорғайтын болады. Олардың арасында кадеттер мен жастар арасында әлем чемпионы, Азия ойындарының чемпионы және үш дүркін Азия чемпионы Сағындықов Ринатта бар. Оның жалпы ұпай саны – 1215. Ол 67 келі салмақта өз шеберлігін көрсетпек.
«Қазақстан» РТРК АҚ құрамына кіретін «Kazsport» телеарнасы 13-16 шілде аралығында өтетін жарысты жан-жақты насихаттауға атсалыспақ. Жаңалықтар қызметі арнайы сюжеттер әзірлейді.
Айта кетсек, Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында каратэ-до олимпиадалық спорт түрі бойынша 13-16 шілде аралығында Азия чемпионаты өтеді. Бұл байрақты бәсекеге 30-дан аса елдің 700-ден астам үздік спортшылары бақ сынасады деп жоспарланып отыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды