Шу ауданында жұмыссыздық деңгейі 4,3 %-ды құрап отыр

13 Шілде, 2017 16:57
Шу ауданында жұмыссыздық деңгейі 4,3 %-ды құрап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шу ауданының әкімі Қайрат Досаев айтты.

Қайрат Әскербекұлының айтуынша,2017 жылы «Өрлеу» пилоттық жобасына 35,5 млн теңге республикалық және 10, 0 млн теңге жергілікті бюджет есебінен қарастырылды.

Бүгінгі күні аудандағы жұмыссыздық деңгейі 4,3 % құрап отыр. Жұмыссыз азаматтарды  жұмыспен қамтуға  жалпы 416,380 млн теңге бөлінді.

Кешенді жоспар бойынша жұмыспен қамту жоспарланған 2434 адамның 596-ы тұрақты жұмысқа орналастырылып, 47,7 % ды құрап отыр.

Жалпы аудан бойынша 2017 жылы 555 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып,бүгінгі күнге 437 жұмыс орны ашылды.

Нысаналы топтағы  63 мүгедекті жұмысқа орналастыру жоспарланып, бүгінгі күні 49 адам жұмысқа жіберілді, - деп мәлімдеді спикер.

Бағдарламаның І бағыты – «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету»  аясында 2017 жылға 16 мамандық  бойынша оқытуға 50692,0  мың теңге бөлініп, 7 оқыту мекемелеріне 509 адамды оқыту жоспарланып, бүгінгі күнге 120 адам оқуға жолдама алды. Игерілген қаражат 10082,0 мың теңгені құрады.

Жастар практикасы бойынша 131 адамды жұмыспен қамтамасыз етуге 36 075,0 мың теңге қаражат бөлініп, 161 жас маман жолдама алып, 20843,6 мың теңге игерілді. (122,9%)

Әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша жұмысқа орналастыруға 18613,0 мың теңге бөлініп, 120 адамды орналастыру жоспарланған.  Бүгінгі күнге 99 азамат немесе 82,5%-ы жолдама алып, 4843,4 мың теңге игерілді.

Қоғамдық жұмысқа жергілікті бюджеттен  70000,0 мың теңге бөлініп, 250  адамды тарту жоспарланған. Қазіргі уақытта, 280 адам немесе 112 % жұмысқа тартылып,  40807,0 мың теңге игерілді.

2017 жылы жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша біржолғы материалдық көмекке 32423,0 мың теңге бөлінді.

Ал, қатты отын алуға ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға 5421,0 мың теңге бөлінді.

Барлық жаңалықтар