- Басты
- Жаңалықтар
- Судың да сұрауы бар
Судың да сұрауы бар
«Бүгінде, алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты туралы жариялаймын. Мен 2015 жылға арналған халыққа жаңа Жолдауымды осыған арнаймын...» - делінген Жолдауда, Елбасы ең бірінші кезекте қара жердің күре тамырындай болған тас жолдарды ретке келтіріп, елдің шалғай аймақтарының орталықпен байланысын, көлік қатынасын арттыруға көңіл бөлуді тапсырды.
«Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Ол макроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады. Оның үстіне, инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистаралды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады. Бірінші кезекте, негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет. Бұлар Батыс Қытай – Батыс Еуропа; Астана – Алматы; Астана – Өскемен; Астана – Ақтөбе – Атырау; Алматы – Өскемен; Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда; Атырау – Астрахань» - деді Елбасы Жолдауда.
«Судың да сұрауы бар». Содан бері осы аталған жобаларға мемлекеттің бюджетінен, Ұлттық қордан және Халықаралық қаржы ұйымдарынан миллиардтаған қаржы құйылды. Қыруар қаржы салынған қара жолдың қызығын қараша халық қашан көреді? Ең ірі екі шаһардың арасындағы жол неге әлі күнге «ит шайнағандай»? Бүгінде нақты қай жолдар пайдалануға берілді? Тағы қандай тас жолдар күрделі немесе ағымдағы жөндеулерге зәру? Жаңа салынған жолдар ақылы бола ма?
Міне, осы мәселелер жұма күні сағат 17:00-де «Стратегия» пікірталас клубында талқыланады. Өткір сауалдарға берілетін мамандардың жауабын «Астана радиосының» тікелей толқынында тыңдап, «Strategy2050.kz» сайтында онлайн-трансляцияда көруге болады. Сондай ақ, тыңдармандарға өздерінің сұрақтарын қоюға да мүмкіндік бар.
Сонымен, жұма, 14 шілдеде «Стратегия» пікірталас клубының кезекті шығарылымы.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары