- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында 700 жұмыс орнын ашқан 4 «зәкірлі» инвестициялық жоба жүзеге асты
Қарағанды облысында 700 жұмыс орнын ашқан 4 «зәкірлі» инвестициялық жоба жүзеге асты
«Бағдарламаны іске асырған уақыт аралығында өңірдің 8 моноқаласына 7 млрд 536 млн теңгенің 111 жобасы іске асырылған. Бұл қаражатқа аймақтың жағдайын жақсарту, көше жарықтандыруын қамтамасыз ету, жылыту жүйелерін жөндеу, көгалдандыру, балалар ойнау алаңын құру жұмыстары жүргізілді», - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғабит Мұхамбетов.
Оның мәліметінше, облыста жалпы құны 9 млрд 335 млн теңгенің 4 «зәкірлі» инвестициялық жобасы іске асырылған. Ондағы ашылған жұмыс орны саны 679.Атап айтар болсақ бұлар – тігін өндірісін жаңғырту бойынша «Ютария LTD» ЖШС, Жезқазғандағы «Казтехфильтр» ЖШС арнайы техникасы мен автотранспортқа ішкі ысыту құрылғысы фильтрі өндірісі, Балқаштағы катод мысы зауыты мен Сарандағы үй құрылысы комбинаты «ККК Бетон» ЖШС.
Сонымен қатар, моноқалаларда 5,8 млрд теңгенің Индустрияландыру картасы бойынша 12 жоба іске асырылды. Әлеуметтік саладағы 42 нысанға жөндеужұмыстары жүргізілді және 32,3 км жол жөнделді.
«Нәтижесінде бұл қалаларда 70 пайыз шамасында облыстың өнеркәсіптік өнімі шығарылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2% артық. Құрылыс жұмыстарының көлемі бір жарым есеге артты. Бөлшек сауда айналымы артты және орта және шағын кәсіпкерлік саны өсіп, олардың өндіріс көлемі көбейді. Бұдан бөлек жұмыссыздар саны азайып, кедейлік деңгейі төмендеген», - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек 7 моноқалада 2014-2016 жылдарға арналған бюджет параметрлеріне енгізілген өзгерістерге байланысты өңірлік кешенді жоспарға өзгертулер енгізілмеді. Жекелеген моноқалаларда экономиканы әртараптандыру мен өнеркәсіптік өндірістің көлемін арттыру, «зәкірлі» жобаларды іске асыру, шағын және орта кәсіпкерліктің белсенділігін арттыру бойынша мақсатты индикаторларға қол жеткізілді.
Сөз соңында облыс әкімі 2014 жылы ірі жұмыстар күтіп тұрғанын айтты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда