- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы алғашқы өңірлік құқықтық қызмет көрсету орталығы ашылды
Қазақстандағы алғашқы өңірлік құқықтық қызмет көрсету орталығы ашылды
Ақтөбеде Қазақстандағы алғашқы құқықтық қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аталмыш орталық – облыстық прокуратураның облыс әкімдігі қолдауымен жүзеге асырған пилоттық жобасы. Жобаның мақсаты – азаматтардың мемлекеттік және құқықтық органдарға деген сенім деңгейін арттыру, олардың жүгіну құқығының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, сапалы құқықтық қызметтерге «бір терезе» қағидасы бойынша қол жеткізуді арттыру.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне талдау жасадық. Құқыққорғау органдарының қызметі бойынша сұрақтар өте көп түседі. Мен аталмыш орталық халық үшін пайдалы болады, әкімшілік кедергілерді алып тастауға мүмкіндік беріп, мемлекеттік және құқыққорғау органдарының беделін арттырады деп санаймын», - деді Е.Нұрғалиев орталықтың ашылу салтанатында.
Өз кезегінде Бас прокуратураның өкілі С.Сүлеймен облыс әкімдігінің басшылығына аталмыш орталықтың ашылуына көмектескені үшін алғысын білдірді. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірінде осыған ұқсас орталықтар ашу жоспарланған.
Орталықта құқық қорғау және атқарушы органдардың мемлекеттік органдар әрекеттеріне шағым беру сұрақтары бойынша көрсететін құқықтық қызметтерінің толық жиынтығы ұсынылатын болады. Ақтөбеліктер прокуратура, ішікі істер, әділет органдары, облыс әкімдігі қызметкерлерінен, сонымен қатар, қорғаушылар мен медиаторлардан кеңес ала алады.
Келушілерге қолайлы болу үшін орталық электрондық кезек жүйесімен жабдықталған. Азаматтардың қызметтерді таңдау сұрақтары бойынша білікті мамандар кеңес беретін болады.
ҚҚО облыстық прокуратура ғимаратының жеке қанатында орналасқан.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы