• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИЫҰ СІМ басшылары Астанада өтетін Ғылым және технологиялар жөніндегі тұңғыш саммитін өткізуді құптайды

ИЫҰ СІМ басшылары Астанада өтетін Ғылым және технологиялар жөніндегі тұңғыш саммитін өткізуді құптайды

13 Шілде, 2017 18:59
Қазақстандық делегация Астана саммитіне және «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған арнайы тұсаукесер өткізіп, делегацияларды бұл іс-шаралардың түпкі мақсаттары мен міндеттері туралы таныстырды.

СІМ хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Президентінің Арнайы өкілі және сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов бастаған еліміздің ресми делегациясы Абиджанда (Кот-д’Ивуар Республикасы) өткен Ислам ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) елдері Сыртқы істер министрлері кеңесінің 44-ші отырысына қатысты.

Жоғары дәрежелі форумның жұмысына ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер мен байқаушы елдердің ресми делегациялары, сондай-ақ Ұйым жүйесіне кіретін 30 негізгі институттардың бірінші басшылары қатысты.

Отырыс шеңберінде 100-ден астам саяси және басқа да салаларды қамтыған қарар қабылданды.

Олардың ішінде ядролық қарусыздану мен ядролық қару-жарақтың таралуына жол бермеу, дінаралық келістігі, азық-түлік қауіпсіздігі және Семей полигоны мен Арал теңізіне қатысты экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған халықаралық күш-жігерлерге еліміздің барынша қолдауын көрсетуді көздейтін Қазақстан бастамасымен қабылданған бірнеше қарарлар да бар.

 

Барлық жаңалықтар