Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасына 3300-ден астам адам қатысуда

13 Шілде, 2017 15:56
Қызылорда облысында «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруға 3,7 млрд. теңге бөлінді. Қызылорда облысының әкімдігі хабарлағандай, бағдарламаға 3300 адам қатысып жатыр.

Бағдарламаның бірінші бағыты қатысушылар техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз етіледі.

Екінші бағыт «Бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту»  бағыты бойынша 1000 жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтығандарды қамту жоспарланған.

Бағдарлама аясында Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған және Шиелі аудандарында  тестілеу өткізіліп, оқыту курстары басталды.

Осыған орай қысқа мерзімдік курстарды ұйымдастыратын оқу орындары мен мамандықтар тізбесі бекітілді. Оларға 1044 жұмыссыз бен өз бетінше жұмыспен қамтылғандар жолданды.

Биыл облыс халқын жұмыспен қамтуға ықпал жасау жөніндегі кешенді жоспар жоспар аясында 32884 жан жұмысқа тартылатын болады.

Барлық жаңалықтар