- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 200 миллион доллардың жобасы жүзеге асырылады
Астанада 200 миллион доллардың жобасы жүзеге асырылады
№ 1 индустриалдық парк аумағында «Бір белдеу, бір жол» халықаралық әріптестік аясында құрылғылар құрылысы кәсіпорны салынбақ.
Тиісті меморандум бүгін «Астана қаласының инвестициялар және даму басқармасы» басшысы Әлішер Әбдіқадыров пен "Beijing DianLianYu Technology Co" қытай корпорациясының басшысы Хуанг Ченг арасында жасалды.
Электр өлшеуіштер, байланыс модульдері, құрамдас бөлшектер, трансформаторлармен басқа да құрылғылар шығаратын өндіріс орнын құру жоспарлануда. Бұл жобаға 200 миллион доллар инвестиция құйылады деп бағаланған.
Бастапқы кезде 40-қа жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда. Өндіріс көлемі ұлғайған соң оның саны 120-ға дейін жетеді. Айта кету керек, бағдарламалық жасақтамасы бар жоғары технологиялық өлшеуші электр құрылғыларды Astana Smart city саласын қамтамасыз ету үшін де қолданылу жоспарланған.
Бүгінгі таңда "Beijing DianLianYu Technology Co" компаниясы Қытайдағы және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы экспорттаушы ірі өндіруші кәсіпорын болып табылады.
Жалпы, бүгінгі күнге №1 Индустриалдық парк аумағында құны екі жүз алпыс бес миллиард теңгені құрайтын 66 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 41 өндіріс орны іске қосылған. Экспортқа шығарылатын өнім көлемі жиырма миллиард теңгеден асады. 3000-қа жуық жұмыс орны ашылды.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері