- Басты
- Жаңалықтар
- Австриялық технологиялар институты мен Энергетика министрлігі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Австриялық технологиялар институты мен Энергетика министрлігі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңсесінен хабарлағандай, құжат «жасыл» стандарттарды әзірлеу саласында ынтымақтастыққа қолдау көрсетуге және энергия тиімділігі, энергияны сақтау және «жасыл» әзірлеулер бойынша ұлттық және өңірлік құрылымдар үшін тренингтер өткізуге бағытталған.
«Мен Жасыл көпір» Серіктестік бағдарламасы мен Жасыл технологиялар орталығы «жасыл» технологияларды қолдануды ілгерілету арқылы Орталық Азия өңірінде тұрақты дамуға ықпал жасайтынына сенімдімін», - деді ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
Қазақстанның Австриялық техналогиялар институтымен ынтымақтастығы жасыл экономиканы жүзеге асыру бойынша ұлттық стратегияны іске асыруға септігін тигізеді.
«Біз ЖКСБ-ны тек жасыл экономикалық өсуді ілгерілету бойынша тиімді құрал ретінде ғана емес, бірақ Орталық Азия өңіріндегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әдіс болады деп санаймыз. Біз Қазақстанның Аустриялық технологиялар институтымен ынтымақтастығы оның жасыл экономиканы ілгерілету бойынша ұлттық стратегиясын іске асыруыға жәрдемдесетініне сенеміз» - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Басшысының орынбасары Диана Дигол.
Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен «жасыл» экономика саласында озық тәжірибелер мен инновациялар алмасуды ілгерілету үшін құрылған платформа ретінде «Жасыл көпір» Серіктестік бағдарламасы (ЖКСБ) мәселелеріне арналған халықаралық форум өтуде.
Екі күндік іс-шараны Энергетика министрлігі Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен 100-ге жуық мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдардан халықаралық және ұлттық сарапшылар үшін ұйымдастырды.
Форум жұмысы Париж климаттық келісімін орындау және «жасыл» қаржыларды мобилизациялаумен байланысты мүмкіндіктер мен мәселелерді қарастыруға бағытталды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері