Жамбыл облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

28 Желтоқсан, 2013 09:53
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Айша бибі округінде жаңа амбулатория бой көтерді, деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.

«Амбулатория ғимаратын 96 млн теңгеге 6 ай мерзімде «CКР»  жауапкершілі шектеулі серіктестігі салған. Ғимараттың ашылу  рәсіміне аудан басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Бұл оқиғаға ең алдымен жергілікті тұрғындар қуанышты. Ал, бұған дейін ескі ғимаратта науқастарды қабылдауға мәжбүр болған дәрігерлердің риза екені түсінікті», -делінген хабарламада.

Айта кетейік, келер жылы отбасылық амбулаторияда жаңадан ашылған бөлімдермен қатар терапия, балалар, гинекология, бөлімдері қызмет атқаратын  болады. 

Барлық жаңалықтар