- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда неміс электроавтобусы тестілеуден өтуде (ФОТО)
Алматыда неміс электроавтобусы тестілеуден өтуде (ФОТО)
Қала әкімдігінің хабарлауынша, автобустың бұл түрі жеңіл балқытылған каркастан жаңа технология бойынша жасалған, соның арқасында салмағы жеңіл әрі сенімді, жасалуы да тез.18 метрлі автобус әрқайсысы 200 ден 500 кВт/сағат болатын үш аккумуляторлармен жабдықталған, бір рет зарядталған соң 300 км жол жүреді, орташа уақыты сегіз сағат.
Төмен еденді автобус видеобақылаумен, кондиционермен, жылыту жүйесімен жабдықталған, жолаушылар үшін мұнда барлық жағдайлар жасалған әрі түрлі өңірдегі континенталді климатқа төзімді. Оған 120 жолаушы сияды, сонымен қатар мүмкіндігі шектеуіл жандар үшін көтергіш те бар.
Алматыда автобус қала қонақтары мен тұрғындары үшін бір туристік бағытта тестілік кесте бойынша жүреді. Автобус жеке инвестордың қаржысына алынған. Сонымен қатар, болашақта көліктің бұл түрін Алматыда жинау үшін отандық компания мен неміс өндірушісінің арасында келісім де жасалған. Жолаушыларға қымет көрсету сапасын арттыру үшін келешекте инвестор байқау ұйымдастырмақшы.
Татап өтерлік жайт, қалада кешенді көлік реформасы жүруде, осының арқасында LRT, BRT жобалары енгізілуде, арнайы жолақтар жасалуда, троллейбус желісі жаңаруда. Жылжымалы составты жаңарту және экологияны жақсарту мақсатында Алматы әкімдігі жыл аяғына дейін Евро-5 стандартты 300 жаңа автобус алу үшін 11,5 млрд. теңге бөлді. Қалаға қосылған елді мекендердегі, соның ішінде таулы жерлердегі көлік жүйесін жақсарту үшін 10 шілдеден бастап жаңа автобустар бағыттары ашылды.
Осы істі жүзеге асыру үшін Евро-4 стандартындағы дизельмен жүретін 45 автобус алынды. Бұлар жол таңдамайды әрі барынша қолайлы. ЛИАЗ маркалы 15 автобус та жолаушы тасымалдайтын болады. Ұзындығы 9,5 метрлі төмен еденді бұл көліктер Евро-58 стандартына сай және кондиционермен, арбаға таңылған мүгедектерді көтеретін арнайы қондырғылармен жабдықталған. 1 тамыздан бастап осы жаңа көліктер №28 бағыт бойынша жүретін болады.
-
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау күшейтілмек -
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты -
ҚР-дағы эпиджағдай: Шекараны кесіп өтудегі өзгерістер, «Ashyq» қосымшасы, 65+ жастағыларды вакцинациялау мәселесі -
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады -
Алматыдағы эпиджағдай: Тұрақтандыру қорында 8 млн дәрі-дәрмек бар, 3 көпсалалы клиника салынбақ -
Биыл Алматыда медициналық кадрларды даярлауға қаржы көбірек бөлінді -
Алматыда балаларға тегін қосымша білім беруге көңіл бөлінбек -
Алматыда эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді, бірақ күзде жағдай өзгеруі мүмкін -
Алматыда шеткі аудандардағы тұрғын үйді гaздaндыру мәселесi қaлай шешіліп жатыр. Несие қалай беріледі