- Басты
- Жаңалықтар
- Гана Вице-министрі: ЭКСПО көрмесінің арқасында біз саяси қарым-қатынас орнатамыз (ФОТО)
Гана Вице-министрі: ЭКСПО көрмесінің арқасында біз саяси қарым-қатынас орнатамыз (ФОТО)
Гана Вице-министрі Ахенкор Кингсли мұндай ауқымдаы көрме адамдарға планетамыздағы энергияның тұтынылуын жоспарлау мен бақылауға мүмкіндік беретін білімді дамытуға және маңызды жаһандық проблемаларды талқылауға жәрдемдесуге арналғанын атап өтті. Оның айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» атты тақырыбы энергетика саласындағы жаһандық тұрақты шешімдерді ілгерілету мен ашуға бағытталған.
«Гана ЭКСПО-2017 көрмесіне «Гана жаңартылатын энергия көздерінің мүмкіндіктер орны» тақырыбымен қатысып отыр. Бұл факт Гана Үкіметінің жаңартылатын энергия көздері секторын пайдалану және кеңейту саласындағы тұрақты шешімдерді енгізуге белсенді қатысатынын көрсетеді. Ең бастысы, Гананың осы ауқымды көрмеге қатысуы Гана мен Қазақстан арасында, сондай-ақ басқа да елдермен саяси және әлеуметтік-экономикалық байланыс орнатудың тағы бір мүмкіндігі. Бұл көрме әлемнің энергетиканы тұтынуын іске асыруға көмектесе алатын айрықша тұғырнама», - деп атап өтті вице-министр.
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Арын Берік Гана Үкіметіне ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге Астана кандидатурасын қолдағаны үшін және осы маңызды көрмеге белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
«Гана Республикасының Ұлттық павильоны көрмеге қатысушылар мен келушілерді осы тамаша елмен, оның терең тарихымен және алуан түрлі мәдениетімен, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласында қабылданып жатқан шаралармен таныстыруға мүмкіндік беретіні қуантады», - деді ол.
Фото Арман Мұхатов
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
31 мамыр: Саяси құрбандарды ақтау, мемлекеттік комиссия жұмысы және әлеуметтік төлемдер -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны -
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі