Адами капитал

«Зеренді» демалыс орталығында түркі жастарының лагері ашылды

Ақмола облысы, Зеренді ауданында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен Түркі кеңесінің халықаралық жазғы лагерінің салтанатты ашылуы өтті.
Ақмола 12 Шілде, 18:44

Дін әстері және азаматтық қоғам министрлігі   хабарлағандай,  лагерьдің негізгі мақсаты – Түркі кеңесі елдерінің жастары арасында мәдениетаралық байланыс, жастар саясаты саласында озық тәжірибе мен инновациялық жобалар алмасу болып табылады.

Лагерь жұмысына Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан елдерінен делегаттар, тәжірибесі мол білікті тренерлер мен аймақтардан жастар саясаты саласының мамандары қатысып, жастар саясатындағы инновациялық идеялардың іске асуы, осы саладағы Түркі кеңесі елдерінде жүзеге асырылып жатқан тиімді жобалар мен  басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

Лагерьдің ашылуында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, Түркі кеңесінің халықаралық лагері қатысушыларын шараның ашылуымен құттықтап, ел болашағының құрылымын қалыптастырудағы  жастардың рөліне тоқталды.

«Ұлттың рухани жаңғыру жобалары жастар саясаты саласында ынтымақтастық пен жастармен жұмыста жаңа әдістерді қалыптастыруға мүмкіндіктер береді. Қазақстан Түркі кеңесіне қатысушы-елдердің мәдениаралық диалогты арттыру бойынша бастамаларын белсенді түрде қолдайды. Осы орайда, жас азаматтар толеранттылық пен этностық және діни ерекшеліктерге төзімділік танытулары керек. Жастар мәдениет, бейбітшілік пен келісімді орнатуда қызығушылық танытулары маңызды» - екенін атап өтті А.Нүкенов.

Шара барысында тренингтер мен пікір-талас алаңдары ұйымдастырылып, Түркі кеңесі қатысушы елдердің бейбітшілік бастамалары туралы Асқар Құмыран, әлеуметтік желі және жастар тақырыбы бойынша Асхат Садырбай және басқа да жаттықтырушылар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, бір аптаға жоспарланған лагерь жұмысы аясында мәдени-дамыту, тренингтер мен спорттық шаралар, сонымен қатар «ЭКСПО - 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне саяхат жоспарланып отыр.





Яндекс.Метрика