- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда МӘМС аясында шетел азаматтары қалай емделмек
Қазақстанда МӘМС аясында шетел азаматтары қалай емделмек
Жақында ғана президент қол қойған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» жаңа заңның 2-бабына сәйкес, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ, оралмандар сақтандыру жүйесінде ҚР азаматтары сияқты міндеттер мен құқықтарға ие» деп жазылған.
«Жалпақ тілмен айтқанда, жоғарыда аталған азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қазақстандықтармен бірдей жарна төлеуге міндетті. Жарна төлеген соң олар да біз сияқты медициналық көмек алуға құқылы болмақ. Сондықтан «шетелдіктер біздің есебімізден тегін емделеді» деп қорқудың қажеті жоқ», - деп жазылған МӘМС хабарламасында.
Жалпы, бұл бұрыннан қолданыста бар нәрсе. Маусым айының соңында қабылданған өзгерістер бойынша, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодексіне» Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін пайдалануға құқылы деп жазылған.
«Жалпы, елімізде тұрақты тұрып жатқан шетелдіктердің денін көбіне бұрынғы КСРО мемлекеттерінің азаматтары құрайды. Олардың көбі бүгінде зейнет жасында. Зейнетке шықпағандары осында жұмыс істейді, ел қатарлы салық төлейді. Менің білуімше, Қазақстанда тұрақты тұру құқығына ие болу үшін олар шамамен 3 млн теңгеге жуық депозит төлеуі тиіс (бұған бұрынғы Қазақ КСР азаматтары мен оралман қандастарымыз кірмейді)», - делінген хабарламада.
Шетелдіктердің сақтандыру жарнасын төлеп, ел азаматтарымен бірге медициналық қызметтерді пайдалану тәжірибесі барлық өркениетті елдерде бар үрдіс. Бұған Литва, Эстония, Еуроодақтың өзге де елдерін мысалға келтіруге болады.
«Сонымен қатар, МӘМС шеңберіндегі құқықтар мен міндеттер елімізде ҚР ратификациялаған халықаралық келісімдер негізінде уақытша тұратын шетел азаматтары мен олардың отбасыларына да берілген. Олардың қатарында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жұмыс күшінің еркін жүріп-тұруына қатысты норма да бар. Себебі, Қазақстан өзге мемлекеттермен тығыз саяси-экономикалық байланыс орнатқан мемлекет. Сондықтан біз халықаралық келісім талаптарын да орындауға міндеттіміз », - деп хабарлады МӘМС.
Бірақ, олар Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің аз ғана бөлігін пайдалана алады
«Нақтырақ айтар болсақ, бұл азаматтар айналасына қауіп төндіретін: дифтерия, қызылша, қызамық, көкжөтел, скарлатина, желшешек, эпидемиялық паротит, А, В, С сүзегі (паратиф), полиомиелит, тұмаудың қалыптан ауытқыған түрлері, менингококк инфекциясы, тырысқақ, іш сүзек, туберкулез, күйдіргінің өкпені қабындыратын түрі, оба, вирусты геморрагиялық безгек, А, Е вирусты гепатиті, малярия сынды аурулардан тегін емделеді», - делінген ресми хабарламада.
Бұл санатқа кірмейтін өзге шетелдіктер (мысалы, Қазақстан аумағына виза арқылы немесе жұмыс істеуге келгендер) МӘМС жарнасын төлемейді. Олар ел аумағына кірмес бұрын жеке меншік сақтандыру полисін сатып алуға міндетті.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты