- Басты
- Жаңалықтар
- Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылармен кездесулер өткізуде
Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылармен кездесулер өткізуде
Депутат Аягөз ауданының Тарбағатай, Ақшы, Қарағаш, Сарыарқа, Баршатас, Қосағаш, Мадениет, Айғыз ауылдарында кездесулер өткізді.
Кездесулерде депутат Н.Сабильянов сайлаушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауының нақты бағыттары, билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі заңдар және Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы туралы айтып берді.
Сайлаушылар өз кезегінде ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті дамыту, микронесиелеу, ауыз сумен қамтамасыз ету, көлік жолдарын жөндеу, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту мәселелері, медициналық қызметтер көрсету сапасын жақсарту, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, білім саласын жақсарту, интернет желісі, әлеуметтік нысандарды құру туралы және басқа да мәселелерді көтерді.
Сайлаушылардың қойылған сұрақтарына депутат өз жауабы мен түсіндірмесін берді. Сондай-ақ, кездесулер барысында депутат Н.Сабильянов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Келесі кездесулерді депутат Н.Сабильянов Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Шыңқожа ауылында, Аягөз қаласында, Жарма ауданының Шар қаласында және Қалбатау, Суықбұлақ, Бірлік, Жаңғызтөбе, Үшбиік ауылдарында, Үржар ауданының Қарақол, Шолпан, Жоғарғы Егінсу, Ақшоқы, Қарабұта, Көктал, Үржар, Бестерек, Жаңа тілек ауылдарында жалғастырады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы