Қазақстан - Өзбекстан шекарасында екі өткізу пункті ашылды

12 Шілде, 2017 11:34
Оңтүстік Қазақстан облысы Махтаарал ауданында орналасқан екі өткізу пунктінің салтанатты ашылуы өтті.

Мемлекеттік кірістер комитетінің  баспасөз қызметі  хабарлағандай,  ашылу салтанатына қазақстан тарапынан Оңтүстік Қазақстан облысының Әкімі Жансейіт Түймебаев пен Инвестициялар және даму министрлігінің Бірінші Вице-Министрі Роман Скляр қатысты, өзбек тарапынан Өзбекстан Республикасының Вице-Премьері Улугбек Розукулов пен Сырдарья облысының Әкімі Гофуржон Мирзаев қатысты.

2017 жылғы 22-23 наурызда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстан Республикасына іссапары барысында қазақстандық-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы екі елдер Үкіметтерінің арасындағы Келісім Хаттамасына қол қойылды.

Осы Хаттамаға сәйкес тараптар екі жаңа өткізу пункттерін ашуға келісті: «Сырдарья» ҚР - «Малик» ӨзР және «Целинный» ҚР - «Ок олтин» ӨзР.

 

Барлық жаңалықтар