- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан туризмді қалай дамытуы керек – Ф.Соммаруга (ВИДЕО)
Қазақстан туризмді қалай дамытуы керек – Ф.Соммаруга (ВИДЕО)
«Туризм Швейцарияның визит карточкасы болып табылады, біз осы салада жүз жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеміз, биыл біз швейцариялық туризмнің жүз жылдық мерейтойын атап өтпекпіз, ол алғашында поезд ойлап табылған кезде индустрия ретінде пайда болған еді. Швейцарияда әр түрлі 4 мәдени өңір бар және поезд қала мен ауылды, әр түрлі өңірлердегі адамдарды, ал қазір тіпті елдерді де біріктіретін символға айналды. Сол себепті мен швейцариялық туризм экономикадағы өз бетінше жұмыс істейтін индустрия болып табылатынын атап өткім келеді», - деді Ф.Соммаруга.
Ол швейцариялық туристік агенттік 25-тен астам елде бар екенін және қазіргі уақытта дамушы елдердің арасында Қазақстан ең басым бағыттардың бірі болып табылатынын атап өтті.
«Маған Қазақстан өте ұнайды. Ол біздің ағымдағы және дамып келе жатқан перспективалы бағыттардағы әріптесіміз. Біз Швейцарияны қазақстандық туристер үшін барынша тартымды етуді қалаймыз, бұл Альпы таулары, сондай-ақ швейцариялық қалалар өздерінің әсемдігі, түрлері, көрікті жерлері жағынан алуан түрлі, оған қоса оның табиғатының сұлулығы – осылардың барлығын біз қазақстандық туристерге көрсетпекпіз», - деп атап өтті Ф.Соммаруга.
Сондай-ақ ол Қазақстанға келген кезде Қазақстанмен туризм индустриясын дамыту, сонымен қатар, адамдарды көбірек тартып, бұрынғы қарым-қатынастарды нығайту және жаңа әріптестік қарым-қатынас орнату үшін Алматы мен Астанаға жиі баратынын айтты.
«Мен Алматы мен Астанада ғана емес, осы қалалардың маңайындағы жерлерде де, мысалы қазақ Швейцариясы деп аталып кеткен Астананың жанындағы Бурабайда, Шымбұлақта, Алатау бөктерлерінің қытай аумағымен шекараласатын бөлігінде, сондай-ақ сұлулығы жағынан қайталанбас Шарын шатқалында болдым. Мен осының барлығын, соның ішінде қала сыртындағы қарапайым ауыл тұрғындарының тіршілігін көріп таң қалдым. Осылардың барлығы қазақстандық туризм қауымдастығы елдің негізгі көрікті жерлері ретінде дамытуы тиіс сәттер болуы тиіс деп ойлаймын, себебі шынайы өмір, өзіндік ерекшелік, дәстүрлер, мәдениет туристер үшін, әсіресе шет елдерден келетін туристер үшін анағұрлым қызықты. Қауымдастықтарға адамдар үшін жасанды қарапайым урбанистік туристік бағыттарды ғана емес, сонымен қатар адамдар мен туристерді қызықтыратын халықтық мәдени көрікті жерлерді де дамытуды ұсынамын», - деп бөлісті Ф.Соммаруга.
Швейцарияның туризм мен қонақ жайлылық саласында тәжірибесі мол, деп атап өтті Швейцария ұлттық туристік агенттігінің басшысы.
«Қазақстандықтарға, атап айтар болсақ қазақстандық мемлекеттік органдармен жеке секторға нәтижелі ынтымақтастық үшін жақындасу керек. Олар туристерге арналған арнайы туристік бағыттарды, көрнекті жерлердің картасын бірлесіп жасақтай алар еді, осылайша қызмет көрсету сапасы артады. Мәселен, бізге Швейцарияда көрнекті жерлердің жол картасын жасақтауға төрт жыл уақыт кетті. Бұл бағытта барлығымыз бірлесіп жұмыс істедік, мемлекеттік органнан бастап жеке секторға дейін. Қазақстанға да бірлесіп туризм саласын аяқтандыру керек», - деп бөлісті Ф.Соммаруга.
Швейцария ұлттық туристік агенттігінің басшысы атап өткендей, Қазақстанға оның өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарға негізделген ерекше туристік бейне жасақтау қажет.
«Біз Венеция туралы айтатын болсақ гондолалар мен каналдарды, Питерді сөз етсек Эрмитажды, Рим туралы ойласақ Әулие Петр соборын, Ватиканды елестетеміз. Осылайша Қазақстанға да бір өзін бейнелейтін немесе суреттейтін символ керек. Осыдан бастап туристік пакеттер жасақталып, заманауи және тартымды портфолио түзіледі», - деп толықтырды Ф.Соммаруга.
Сонымен қатар, ол толықтырып кеткендей Швейцарияға әсем табиғатты тамашалау үшін ғана емес, салауатты өмір салтын ұстану үшін де барады.
Бұдан басқа, ол табысты туризммен қонақжайлылықтың негіздеріне тоқталды.
«Елшіліктер – сыртқы туристік салаға апарар көпір. Сандармен сөйлейтін болсақ, Швейцария бұл туризмнің 100 жылдық жұмысы, 20 млн келуші, жыл сайын қонақ үйлерге тоқтайтын 35 млн турист, Қазақстаннан жылына 7 мың немесе одан көп келетін туристер. Сандар ауыз толтырып айтарлықтай, оның үстіне елшіліктегі статистикалық мәліметтерді көтеретін болсақ онда Қазақстаннан келетін туристер санының жыл санап артып отырғанын байқаймыз. Бұл жәй ғана сандар емес, бұл туризм индустриясының табыстылығының көрсеткіші», - деді Ф.Соммаруга.
Сұхбаттың соңына қарай Швейцария ұлттық туристік агенттігінің басшысы Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінен алған әсерімен бөлісті.
«Мен үшін ЭКСПО – бұл фантастикалық шара. Бұл әріптестеріммен араласудың кәсіби мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар бұл менің жеке аспектім. Бұл көптеген адамдардың бірлескен жұмысының жемісті нәтижесі. Мен барша қазақстандықтарды ЭКСПО-мен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстандықтарға осындай әлемдік деңгейдегі шараның сіздердің елдеріңізде өтіп жатқанына разы болыңыздар дегім келеді», - деп түйді Ф.Соммаруга.
Қайрат Жандыбаев
Видео: Арман Мұхатов
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі