- Басты
- Жаңалықтар
- Түлкібас ауданында кәсіпкерлер 8,6 млрд. теңгенің өнімін өндірген
Түлкібас ауданында кәсіпкерлер 8,6 млрд. теңгенің өнімін өндірген
ОҚО әкімдігінің мәліметіне сәйкес Түлкібастың әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру мақсатында ауданда 1 ірі, 7 орта, 23 кіші және 8 қосалқы барлығы 39 кәсіпорын жыл басынан бері 8 629,5 млн. теңгенің өнімін өндірген.
«Ауданда кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны 17 344 адамға жетіп, бизнесмендер саны 106 адамға немесе 100,6% өсіп отыр. Жалпы кәсіпкерлік саласында белсенді жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6520 бірлікті құрап отыр. Аудандағы 4 шағын несие ұйымы арқылы 2712 жеке азаматқа 1237,2 млн теңге несие берілді», - деді Н.Тұрашбеков.
Ауданда кәсіпкерліктің кең қанат жаюы үшін, яғни, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту аясында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының барлық бағыты бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, нәтижесінде, белсенді түрде 235 азамат оқуға жолданса, 34 азаматқа 81,2 млн. теңге шағын несие берілген. Сондай-ақ, бағдарламаның үшінші бағыты аясында 961 адам жұмыспен қамтылыпты.
Жолдауда айтылған әрбір басымдыққа жеке-жеке тоқталған аудан басшысы кәсіпкерлікті дамытуда мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту жұмыстарының барысын да баяндады.
Жыл соңына дейін осы бағытта Түлкібастағы Ақбиік ауылында 100 орындық бір балабақша ел игілігіне беріледі. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасатын болады. Осы көрсеткіштердің нәтижесінде мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамту ісі ауданда биыл 92,6 пайызды құрап отыр екен.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 45,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды -
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
-
Жәрдемақы: Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді -
СҚО-да мемлекеттік сатып алулар электронды форматқа ауыстырылып, 1 млрд теңге үнемделді