Алматыда 500 адам қатынайтын жаңа емхана ашылды (ФОТО)

11 Шілде, 2017 20:14
Наурызбай ауданында №36 жаңа емхана ресми түрде ашылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

500 адам қатынайтын жаңа медициналық мекемені «Туған жер» бағдарламасы бойынша «Завод Электрокабель» ЖШС компаниясы салды. Жаңа емханада алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен қатар колоректальді обыр мен асқазан ауруларының белгілерін анықтайтын скринингтік зерттеулер жүргізу жоспарланған, мұнда рентген диагностикасы, офтальмология, оториноларингология кабинеттері ашылған, торакальді және абдимональді колопроктология және басқалары жүргізіледі.

Жақында Қалқаман ықшам елді мекенінде 200 адам қатынайтын тағы бір емдеу мекемесі ашылады, Таусамалы поселкесінде 500 адам қатынайтын емхана салынады.

 

Барлық жаңалықтар