- Басты
- Жаңалықтар
- Х.Кошик: Этносаралық қатынастардың үйлесімін орнатуда Қазақстанның даралығы талассыз
Х.Кошик: Этносаралық қатынастардың үйлесімін орнатуда Қазақстанның даралығы талассыз
ҚХА баспасөз қызметі хабарлағандай, Д.Мыңбай Мемлекет басшысы бастамашылық жасаған қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын тиімді іске асырудың ел үшін маңыздылығын атап көрсетті.
ГФР делегациясының өкілдері этносаралық тұрақтылықты сақтау мен қоғамдық келісімді нығайтудағы, республикада тұратын барлық этностардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріндегі Қазақстанның оң тәжірибесін және Ассамблеяның маңызды рөлін атап айтты.
Х.Кошик этносаралық қатынастардың үйлесімін орнатуда, бірлік пен мәдениаралық диалогты нығайтуда көптеген елдерге үлгі болып отырған Қазақстанның дара көшбасшылығын атап көрсетті.
Шетелдік қонақтар «Астана опера» әртістерімен және Павлодар музыкалық колледжінің студенттерімен бірге Павлодар облысында өткен неміс мәдениеті мен классикалық неміс музыкасының фестиваліне қатысқандары, оның барысында Қазақстан немістерінің мәдениетін, тілі мен дәстүрлерін дамыту үшін барлық жағдайлар жасалғанына іс жүзінде көз жеткізгендері туралы әңгімелеп берді.
Д.Мыңбай мен Х.Кошик дуальдық білім беру және бизнес саласындағы мамандарды дайындаудағы өзара іс-қимылдың перспективалары туралы пікір алмасып, бүгінгідей сындарлы кездесу екі елдің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосатынына сенім білдірді.
Кездесуді қорытындылай келе ҚХА төрағасының орынбасары Х.Кошик пен Г.Цертикті Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXVII сессиясына қатысуға шақырды.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
COVID-19 пандемиясы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қандай өзгерістер алып келді -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді -
Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 29 жыл толды